ШҚО-да жүргіншілер жолында зейнеткерді көлік қағып кетті

376
көрілім

Семей қаласында қайғылы жағдаймен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

-59 жастағы Mazda автокөлігінің жүргізушісі Титова көшесімен келе жатып жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйел адамды қағып кеткен. 73 жастағы жүргінші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады полиция департаменті

Аталған факты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.