ШҚО-да жылқыны көлік қағып, екі адам зардап шекті

387
көрілім

Өңірде жылқыны көлік қағып кетіп, екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 қыркүйек күні кешкі сағат 21:30 шамасында «Өскемен-Самар» тасжолының 56-шақырымында Lada Largus автокөлігін жүргізіп келе жатқан 44 жастағы жүргізуші 1,5 жасар құнанды қағып кеткен.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның әйелі түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ көлік иесіне материалдық залал келді, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Малды қараусыз жайғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 408-бабы бойынша жылқы иесіне хаттама толтырылды.