ШҚО-да жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

7489
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қалалық Полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Тарбағатай ауданының 60 жастағы тұрғыны қоңырау шалып, бейтаныс әйел қомақты қоржысын иемденгенін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес өткен жылдың қазан айында жылжымайтын мүлік агенттігінің кеңсесінде жүрген белгісіз әйел ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер ресімдеуге көмек көрсету сылтауымен Тарбағатай ауданы тұрғынының 3 786 000 теңге сомасындағы ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыстық полиция қызметкерлері осы жылжымайтын мүлік агенттігінің 31 жастағы директорын ізін суытпай анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті алаяқтардың айла-амалдарына түспеудің бір амалы қырағылық танытуға кеңес береді. Алаяқтардан қорғаудың негізгі әдісі - егжей-тегжейлі келісімшарт жасасу және құжаттарды мұқият тексеру. Сондай-ақ, алдын-ала төлем мәселелерінде абай болу керек. Төлем шартқа қол қойылғаннан кейін ғана төленуі керек.