ШҚО-дағы өртті ауыздықтауға 200-ге жуық Ұлттық ұландықтар көмекке жіберілді

712
көрілім

Қыркүйек айының 7-сі күні түнгі сағат бір шамасында Глубокое ауданында, Каменный карьер ауылының маңында құрғақ шөп, бұта өртенді.

Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 35 га құрайды. Жоюға ШҚО ТЖД, ЖАО, орманшылар, полиция жеке құрамының 19 техникасы мен 138 адамы жұмылдырылған. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.
Аталған жағдайға байланысты өртті сөндіруге көмекке 5518 әскери бөлімінің 200 жуық жауынгері жұмылдырылды. Ұландықтар дереу "Таулы үлбі" ауданындағы өртті сөндіруге аттанды.

ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік

қолбасшылығының баспасөз қызметі