ШҚО-ға жуықта жаңа жедел жәрдем көліктері алынады

372
көрілім
Фотосурет dalanews.kz сайтынан

Бұл туралы аудан әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Жуықта Риддер қаласында стационары 140 орынға шақталған жаңа аурухана құрылысын бастаймыз. Қарағандылық мердігердің тиісті жұмысын орындамағандықтары өкінішті-ақ. Құрылысшылар тендер ұтып алғандарымен тапсырылған жұмысты іске асыра алмады. Сот болып, енді жұқпалы сырқаттарға арналған аурухана қысқа мерзімде салынып бітеді. Мұнымен шығысқазақстандық компаниялар айналысады, – деді Даниал Ахметов Риддерге барған жұмыс сапарында. – Осы ретте Риддердегі медицицина мекемелері КВИ-дің мүмкін болатын екінші толқынына әзір екендігін айтқым келеді. Қазан айында өңірге 216 жаңа жедел жәрдем көлігі әкелінетін болады.