ШҚО-ның шекаралас екі ауданында «Самұрық-Қазына» қолдауымен заманауи спорт алаңдары салынады

96
көрілім

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Наурыз мерекесіне арналған қайырымдылық марафоны аясында Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен Қатон-Қарағай мен Зайсан аудандарында жаңа спорт алаңдары пайда болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде алғаш рет бой көтеретін спорт алаңдары екі елдімекеннің 20 мыңнан астам тұрғынына спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын дамытуға мүмкіндік береді.
Шалғай, әрі шекаралас екі ауданда әрқайсысының жалпы аумағы 1,7 мың шаршы метрді құрайтын алаң пайда болады. Онда жасанды көгалмен көмкерілген аумағы 40х20 м футбол және 24х16 м болатын баскетбол алаңдары, толықтай құрылғылармен қамтылған көлемі 16х16 воркаут аймағы салынады. Алаңның жан-жағы қоршалып, абаттандырылады. Жоспар бойынша спорт алаңдары 2024 жылдың 3 тоқсанында пайдалануға беріледі.
Қордың қайырымдылық марафоны аясында Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылдық амбулаториясына жаңа рентген аппараты табысталса, Қостанай облысының Денисовка ауданында ауа-тірек құрылымындағы спорт кешені қолданысқа беріледі. Абай облысында өңірлік әмбебап кітапханасында заманауи қоғамдық кеңістік ашылып, қазақ тіліндегі Брайль қаріптерімен кітап шығаратын мамандандырылған құрал-жабдық табысталады.