Шығысқазақстандық еркін күрес шеберлері Римге жол тартады

2323
көрілім
Фотосурет 24.kz сайтынан

Италияның астанасы Рим шаһарында өтетін аламанда бақ сынайтын спортшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жылдағы дәстүрге айналған «Matteo Pellicone Memorial» турнирі рейтингілік болып саналғандықтан, Әлем және Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің баруы заңдылық. Дегенмен маңызы жағынан ең беделді бәсекелердің бірі деу әбестік болар. Бапкерлік құрам наурыз айының басында жалауын көтеретін сайыста ел намысын қорғайтын палуандар есімін жариялады. Тізімге үш жерлесіміз енген екен:

57 келі: Нұрислам Санаев, Дәурен Теміржанов

61 келі: Адлан Асқаров

65 келі: Дәулет Ниязбеков

70 келі: Сырбаз Талғат

74 келі: ДАНИЯР ҚАЙСАНОВ, Нұрғожа Қайпанов

79 келі: Ғалымжан Өсербаев

86 келі: АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ

92 келі Эльхан Асадов

97 келі: Әлішер Ерғали

125 келі: ОЛЕГ БОЛТИН, Юсуп Батырмурзаев.