Суға кетті

241
көрілім

Ертіс өзенінің Курчатов қаласы тұсындағы бөлігінде қайық аударылып, суға құлаған жеті адамның бірі ажал құшты.

ШҚО ТЖД хабарлауынша, қайық Курчатов қаласынан Бесқарағай ауданының Грачи ауылын бетке алған көрінеді. Қайықта болған жергілікті тұрғындардың екеуі 13 және 16 жасар жасөспірімдер болған. Ауыл тұрғындары қаладан сауда-саттық жасап қайтып келе жатқан. Жағаға 15-20 метр қалғанда қайық белгісіз себептерге байланысты суға бата бастаған. Төтенше жағдай қызметкерлерінің пайымдауынша, қайықтың су түбіне кетуі артық салмақтан болған.

Көмекке шақырғандардың дауысын Грачи ауылының тұрғындары естіген. Дегенмен, сол кезде қайықтың иесі екі жасөспірімді жағаға алып шыққан. Қалғандарын ауыл тұрғындары құтқарғанымен 38 жастағы әйелді жағаға алып шығу мүмкін болмады түспеді. Суық судан салқын тигендер ауруханаға жеткізілді.

Ерлен ОСМАНОВ