Тарбағатай аудандық ауруханасының хирургтері замануи әрі күрделі ота жасады

1933
көрілім

Ауыл тұрғыны ауруханаға жедел түрде ауыр жарақатпен жеткізілген екен. Пациентке қажетті диагностикалық шаралар жасалғаннан соң, оның оң жақ бұғанасының акромиальді ұшының толық орнынан шығуы деген диагноз қойылған.

«Бүгін ауруханамызда бірінші рет травматологиялық науқасқа заманауи әдіспен оперативтік ем жүргізілді. Ол науқас бізге екі күн бұрын құлап, жарақат алып түсті. Хирург әріптестерім рентген суретін көрсетіп, оң жақ бұғананың акромиальді ұшының толық орнынан шыққанын анықтады. Операцияға дайындық аяқталғаннан кейін науқасқа заманауи, аз жарақаттаушы құлыптаушы ілмек тәрізді пластина қою арқылы операция жасалды», — деп бөлісті Тарбағатай ауданының N2 аудандық ауруханасы бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Айта кету керек, бұған дейін мұндай ота түрлерін жасау үшін ауыл жұрты Семейге немесе облыс орталығына барып келген. Ал аудандық ауруханаға қабырғасында бұл алғашқы күрделі трамвотологиялық ота, дейді бас дәрігер.
Бұл ретте, отаның артықшылықтарын да атап өткен жөн, науқасқа операциядан кейін гипс салынбайды, металлокострукцияның миграциясы болуының қаупі төмен, отадан  кейінгі жара жазылғаннан кейін физикалық жүктеме жасауға шектеу болмайды.

«Біздің пациентіміз қазір үйіне, күнделікті тірлігіне оралды, сонымен қатар оның отбасының бюджетіне бұл операция еш салмақ т.сірген жоқ, себебі барлығы тегін МӘМС есебінен жүргізілді, жалпы алдағы уақытта  травматологиялық операцияларды өзімізде жасау мақсатында құрал-жабдықтарды толықтыру жоспарлануда», — дейді медициналық мекеме бас дәрігері Елжан Манарбеков.