Тарбағатай ауданында 4 отбасы баспаналы болды

154
көрілім

Қарасу ауылындағы қуанышты хабармен аудан әкімі Дархан Жөргекбаев бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көпбалалы жанұялар "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында пәтер кілтіне ие болды.
- Қауым бай-қуатты болсын. Көпбалалы отбасыларымыз тек жайлы үйлерде тұрсын. Ел іргесі тыныш болғай, - деді Дархан Шомпайұлы.
Әкімдіктің ресми парақшасында үйлі болған тұрғындардың ой-лебізі келтірілген.
- Көпбалалы жанұялар үшін көптеп баспана салынып жатыр. Тәуелсіздік күні қарсаңындағы тамаша тарту. Кішкентайларымыз үнемі күліп жүрсін. Ауылымыз, ауданымыз көркейе түссін, - деді қарасулықтар.