Тарбағатай ауданында Ырғызбай ата кесенесі абаттандырылады

1394
көрілім
Фотосурет - inform.kz сайтынан алынды.

Алдағы уақытта Тарабағатай ауданындағы Ырғызбай ата кесенесі абаттандырылады. Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қазір «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанда киелі орындарды зерттеу және дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай кешенді жоспарлар әзірленіп отыр, – дейді Даниал Ахметов, – Бұл жобалар киелі орындардың маңында инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Алдағы уақытта Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай ата кесенесінде де абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ. Осы мақсатта 50 млн. теңге бөлінді.