Тарбағатай ауданының екі ауылының кіре берісіне арка орнатылды

1563
көрілім

Ауылдарға кіре беріс арка орнату жұмысы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тарбағатай ауданының Қарасу ауылдық округіне қарасты Қарой елді мекеніне және Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Сарыөлең елді мекеніне ауылға кіреберіс жолға арка орнатылды. Аталған арка елді мекеннің атауын білдіріп қана қоймай, сол ауылға ерекше рең беріп, көркейтіп тұрары сөзсіз. Аудан әкімдігінің ресми сайтының ақпаратына сәйкес, аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев барлық елді мекендерде кіреберіс арка орнату жұмыстарын қолға алған екен.