Тарбағатай ауданының Қарғыба ауылына ауыз су құбыры тартылды

878
көрілім

Жақында Кұмкөл ауылына қарасты Қарғыба ауылында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде тартылған ауыз су құбыры пайдалануға берілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ашылу кезінде аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, қырқүйек айының соңына дейін ауыз су ауылдағы 156 үйге толық кіргізілетінін атап өтті. Одан соң су құбырын жүргізген «Бота» ЖШС басшысы Қ.Қожахметов сөз сөйлеп, алдағы уақытта қандай да бір кемшіліктер шығып жатса уақтылы жөнделетінін айтты.