Тарбағатай ауданының прокуратурасы 100-ден аса адамды жеке мәселесі бойынша қабылдады

686
көрілім
Шартты фотосурет - kn.kz сайтынан.

Тарбағатай ауданы прокурорының міндетін атқарушы Мақсат Медіғатов Қытаймен шекаралас 4 ауыл округтеріне барып, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.

Тарбағатай аудандық прокуратурасының өкілдері жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Аудан прокурорының міндетін атқарушы орталығынан алыс орналасқан Ойшілік, Құйған, Жаңа ауыл Жеті арал ауылдық округтеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға жүзден аса адам қатысты. Қару-жарақты сақтау ережелеріне қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Қылмыстық істерді қарау, әкімдік пен соттардың жұмысына байланысты сұрақтарға заңнама нормаларының түсініктемелері берілді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының негізгі жобалары туралы айтылды.