Тегін тексерілесіз!

395
көрілім

Өңір тұрғындарына тегін медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік бар. Алдағы сенбіде облыстық онкологиялық диспансерде „Ашық есік „ күні өткізілмек.

Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерде 8 қыркүйек күні сағат 9.00-14.00 аралығында әйелдердің жыныстық сферасын тексеруге арналған „Ашық есік„ күні өтеді. Сондай-ақ осы күні әйелдер қауымы білікті мамандардан кеңес алып, онкогинекологтың қарауында болады.

„Ашық есік„ күніне қатысқыңыз келсе, облыстық онкологиялық диспансерге (Серікбаев көшесі, 1 мекен-жайы бойынша ) баруыңызға болады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ