Тоқаев Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

299
көрілім
Фото:qarmaqshy-tany.kz сайтынан

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады

 - Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті. Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті, – делінген хабарламада.