«Торпедода» бапкер ауысты

113
көрілім
Фотосурет shaiba.kz парақшасынан

Өскемендік ұжымның бас бапкері болып Роман Козлов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпарат аталған клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды. Роман Козлов өскемендік хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Осыған дейін Қазақстан Республикасының, Жоғары хоккей лигасы мен Жастар хоккей лигасында еңбектенген маман Александр Шахворостовты алмастырды.

Роман Козлов көп адамға «Қазцинк-Торпедо», «Барыс», «Нефтехимик», «Спутник», «Зауралье» клубтарында және ел құрамасының Әлем чемпионаттарында көрсеткен өнері арқылы таныс.

Жаттықтырушылық мәнсабын 2016 жылы Жастар хоккей лигасында ойнаған «Алтай» (Өскемен) ұжымында бас бапкердің көмекшісі болып бастады. 2019 жылы қарағандылық «Қыран» командасын тізгіндеп, 2020-2021 жылдары «Теміртау» хоккей клубында («Сарыарқаның» фарм-клубы) бас бапкер болды. Одан кейін екі мәрте ел чемпионы және Қазақстан кубогінің иегері атанған «Сарыарқа» клубында бас бапкердің көмекшісі міндетін атқарды.

Айта кетейік, «Торпедо» биыл еліміздің тұрақты чемпионатында плей-офф кезеңіне өткенімен, «Ақтөбеге» есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ