Тыл ардагерлерімен кездесу

871
көрілім

7 мамыр – Батыр күні мен Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне  - 78 жыл толу мерекесі қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД №17 мекеме қызметкерлері осы мекемеде ұзақ жылдар бойы қызмет еткен тыл ардагерлерін құттықтады.

Аталған мерекеге байланысты, №17 мекеменің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Виктор Петрович Петров және мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Арман Мұратбекұлы Катанов мекеме қызметкерлерімен бірлесіп осы мекемеде медицина бөлімінде аға мейірбике лауазымында 30 жылдан астам уақыт қызмет атқарған тыл ардагері Нина Ивановна Бугримованы және тыл ардагерлері Тамара Ивановна Зейдель мен Зоя Андреевна Семенованы келе жатқан Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтады. Құттықтау барысында тыл ардагерлеріне атқарған адал еңбектері үшін ақшалай қаражатпен алғыс хат тапсырылды.
«Мен мекемеде отыз жылдан астам медицина бөлімінде қызмет атқардым. Сол кезде жұмыстың өзі ерекше болды. Қазір мен сол сәттерді үнемі есіме алып отырамын. Тағыда бір сәт, сотталғанды поездбен Қарағанды қаласына апарғанымда бар» - деп еске алды Нина Ивановна.
Бізді ұмытпай еске алғандарыңыз үщін мекеме басшылығымен  қызметкерлерге көп рахметін айтып, барлық қызметкерлерге келе жатқан Ұлы Жеңістің – 78 жылдығымен құттықтап, мықты денсаулық, жұмыста жеміс тіледі тыл ардагерлері.
 
ШҚО бойынша ҚАЖД
№ 17 мекеме