Ұлан ауданына зарарасыздандыруға арналған препарат жеткізілді

425
көрілім

Бұл туралы аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Ауданға Өскемен қаласынан арнайы залалсыздандыруға арналған препарат жеткізілді. Өңірімізде басталған залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Елді мекендердегі аялдамалар, мешіттер, автобекеттер, Қазпошта бөлімшелері, ауылдық әкімшілік ғимараттары, сондай-ақ шіркеулер зарарсыздандырудан өтті, – деді Нұрымбет Аманұлы.