Ұлан ауданында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

461
көрілім

2020 жылдың 14-ші ақпанында КСРО әскерлерінің Ауғанстан шекарасынан шығарылуына 31 жыл толуына орай аудан орталығы Қасым Қайсенов кентіндегі аудандық Мәдениет үйінде кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуге ауданның Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан жастары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ауған соғысының ардагерлері атынан Самылтыров Мұхаметали Айтбекұлы сөз сөйлеп, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін аудандық білім беру бөлімінің маманы С.Сулейменов пен Р.Мәрсеков атындағы мектебі алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі, ардагер-ұстаз Б.Нұрсұлтановқа мерекелік медальдар табыс етті.

Шара «Дарын» МКҚК-нің мамандарының тамаша концерттік номерлерімен жалғасын тапты.

Келушілер назарына «Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ұйымдастырған Ұлан жерінен шыққан Ауған соғысының ардагерлеріне арналған экспозиция-көрме ұсынылды. «Ауған соғысының жылнамасы» атты деректі фильм және «Шексіз ерлік көрсеткендер, атақ даңқы өрлегендер» атты слайд көрсетілді. Жиын соныңда қатысушылар ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.