Ұлан ауданында бокстан халықаралық турнир өтуде

400
көрілім

Қасым Қайсенов кентінде жастар арасында бес мемлекеттің былғары қолғап шеберлері бас қосқан халықаралық жарыс өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында Ұлан ауданының орталығында шығысқазақстандық боксшылардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Моңғолия елдерінен және еліміздің өзге өңірлерінен келген спортшылар жүлделі орындарды сарапқа салуда. Қатысушылардың ұзын-ырғасы 140-тан астам. 15 салмақ дәрежесінде өзара кім мықтыны анықтауда. Ұйымдастырушылардың сөзінше, сайыс төрт күнге жалғаспақ. Одан бөлек, жарыс соңына қарай құрметті қонағы ретінде Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ыбрайымов пен Серік Сапиев келеді күтілуде.

Нұрбек АСҚАРОВ