Ұлан ауданында қой ұрлаған ер адам қолға түсті

8868
көрілім

Ұлан ауданының полиция бөліміне 47 жастағы ЖШС басшысы хабарласып, «Шөже» учаскесінде орналасқан қорадан белгісіз біреулер қойын ұрлап кеткеніндігіне шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, қой ұрлаған Бестерек ауылының тұрғыны болып шықты.

- Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бұрынғы танысы Бестерек ауылының 40 жастағы тұрғыны қорадан бір бас қойды ұрлап кеткені анықталды. Қораның есігі ашық болған. Келтірілген шығын мөлшері 70 000 теңгені құрады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.