Ұлан ауданында мал базары ашылады

5680
көрілім

Ұлан өлкесіндегі «Мухамади» шаруа қожалығының базасында ауыл шаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерін сататын базар ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, бұл базарда көрші шаруашылықтың фермерлері өсірген өнімдерін сата алады. Айта кету керек, сатылмаған малды сол жердегі бордақылау алаңына қалдыруға болады. Ал, сатып алушылар үшін мал сою, етті мүшелеп бұзу және ыстау қызметтері қарастырылған.

- Аталған шаруа қожалық республикалық тас жолдың бойындағы «Атығай» асуында орналасқан. Бұл Қасым Қайсенов кентіне кіреберісте. Сондықтан бұл жердің таңдалуы кездейсоқтық емес. Мал базары Ұлан ауданының жұртына және облыстың басқа елді мекендерінен келетін тұрғындар үшін де ыңғайлы болады, - делінген мәліметте.