Ұлан ауданында су қоймасы салынбақ

440
көрілім

Аудандағы суармалы егістікті кеңейту мақсатында келер жылдан бастан ауқымды су қоймасы салынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, суармалы егістікті бір бағытқа қою мақсатында Ұлан, Песчанка өзендеріндегі су қоймаларынан суару жүйелерін салу жоспарға қойылып отыр. Мұны өз сөзінде аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қолдап, ауылшаруашылығын дамытуға қатысты ойын ортаға салды.

– Ауданда су қоры мол. Осы орайда бар мүмкіндікті тиімді пайдалану – біздің басты мақсатымыз. Келер жылы «Алебастр» су қоймасын қайта құру арқылы екі ауылдық округтеріне суару жүйесін тарту жоспарланған. Осының нәтижесінде суармалы жердің көлемі 1050 гектарға ұлғаяды, - деді аудан әкімі.

Белгілі болғандай, су қоймасын қайта құру жұмыстары Алмасай және Айыртау ауылдық округтерінде жоспарланған екен. Одан бөлек, 2023 жылға қарай суармалы жер көлемін ұлғайту да күн тәртібінде тұрған көрінеді.

Шартты фотосурет today.kz сайтынан

Әділхан ЕСІМХАНОВ