Ұлан ауданының орталығында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

976
көрілім

Қасым Қайсенов кентінде көше жолдары жөнделіп, көгалдандыру жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан орталығындағы қызу тірлікпен танысып қайтқан аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов барлығының жоспар бойынша жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.
– Қасым Қайсенов кентінде абаттандыру және жөндеу жұмыстары қарқын алды. Жұмыс барысымен танысып, жағдайды бағамдап қайттық. Қызу жұмыс өз нәтижесін берері анық, – деді Нұрымбет Аманұлы.