Үлбі металургиялық зауыты 75 жылдық мерейтойын атап өтті

459
көрілім

Өскеменде ҮМЗ-нің 75 жылдығына орай «Заводская семья – заводная семья» атты жайдарман кеші өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Байқауға 3 топ қатысты: «Ядерный микс», «Уран», «Дай пять 75». Әр командалар шарттарға сәйкес киім киіп, өздерінің имиджін көрсеткен. Әзіл сайысына Өскемен қаласындағы мәдениет саласының қызметкерлері, өнерде жүрген жандар қатарынан сарапшылар мен «ҮМЗ» АҚ өкілдері қазылық етті.
Жайдарманның тағы бір талабы – зауыттың жұмысын, өмірін, ұжымын сипаттап әзіл ретінде жеткізу. Қазылар алқасының берген бағасы бойынша ойын шарттарын ескерген «Дай пять, 75» командасы жеңіске жетті. Ал «Уран» және «Ядерный микс» командасы бірдей ұпай жинап екінші орынды иеленді.
1 орын алған команда 250 000 теңге ұтып, көрерменнің назарына ілікті.
- Бүгін біз зауыттың жұмысшыларымен бірге тамаша мерекелік кештің куәсі болдық. Зауыттағы жұмыс барысын көз алдымызға елестетіп, ұжымның арасындағы ауызбіршіліктің куәсі болдық. Үлбі металлургиялық зауытының 75 жылдығы құтты болсын дейміз, - деді
шараның жүргізушісі Әлібек Досумбаев.

Зауыт туралы не білеміз?

Үлбі металлургиялық зауытының тарихы 75 жыл бұрын «құпия зауыт» деген атауынан бастау алды. Сол кездегі оның ең алғашқы өнімі – торий оксалаты болған. Қазіргі таңда ҮМЗ АҚ атом энергетикасы, электрондық металлургия өнеркәсібі және басқа салаларының қажеттіліктері үшін уран, бериллий, тантал және нобий өнімдерін өндіретіндердің қатарында.
«Заводская семья – заводная семья» байқауы кездейсоқ өткізілген шара емес. 2006 жылдан бері тарихы бар көңіл көтеру кештерінің бірегейі. Бұл шарада топтардың қаншалықты өз өнерлерін паш ете алатынын, өзекті мәселелерді каншалықты әзілмен жеткізетіндігі басты назарға қойылады.
- Біз арнайы сценаристерді таңдап, жайдарманның үздіктеріне әзілдерімізді жазғыздық. Дайындыққа бір айдан астам уақыт кетті. 5 минуттық әзілдерді құрастыру үшін талай еңбектендік. Топқа ынтасы барлар келіп сахна төрінде қабілеттерін аша алды деген ойдамын, - деді «Ядерный микс» командасының капитаны Сергей Головин.

Валентина ГЕОРГИЕВНА