Үржар ауданы Көкөзек ауылының тұрғындары сапалы ауызсу тартылмағандығына наразы

1599
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы көкөзектіктер аудан басшысы Нұржан Тоқсеитовтің Facebook парақшасына жазған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дегенмен аудан басшысы тұрғындар өтініші бойынша ауылға тез арада атізін салған.

– Ауданымыздың Көкөзек ауылдық округіне барып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері бойынша су құбыры жүйесімен толықтай таныстым. Кейбір түйіткілді мәселелер бойынша мердігер компания өкілдері мен жауапты басшыларға, ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар беріп, ескерту айтылды, – деді Нұржан Тлеужанұлы.

Жауапты тұлға аталған жұмысты өз бақылауына алатындығын жеткізді. Әйтсе де ауыл тұрғындары мәселенің тез арада шешімін тауып, сапалы ауызсу тартылуын асыға күтіп отырған көрінеді.

– Көкөзек ауылы судың бастауында отырып осы күнге дейін ауыз суға жарымай отыр, – дейді тұрғын.