Үржар ауданында Мәдениет үйі жөнделмек

717
көрілім

Үржар ауданының Көкөзек ауылында Мәдениет үйі жөнделмек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовтың сөзінше, алдағы уақытта жөндеу жұмысына қажетті құжаттар әзірленбек.


– Көкөзек ауылының Мәдениет үйіне тағы бір мәрте бардым. Бұған дейін жөндеу жұмыстары жасалғанымен бүгінде мәдениет ошағының шатырын қайта жөндеу қажеттігі туындап отыр. Ауылдық округ әкімі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына тиісті құжаттарды дайындауды тапсырдым, – деді аудан басшысы.