Үржар ауданында жалғызбасты ана баспаналы болды

823
көрілім

Үржар ауданы Қабанбай ауылында жалғызбасты анаға баспана берілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қабанбай ауылында жергілікті жұрттың көмегімен тұрғызылған үй ауыл тұрғыны, жалғызбасты, көпбалалы ана Айнұр Құрмановаға берілді.

- Қуанышты шараға "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Р.Жүнісова және жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Л.Дүйсенова арнайы барып қатысты. Береке-бірліктің керемет үлгісін көрсеткен ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз!, - деді Үржар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Елдос Бейсенов.