Үржар ауданындағы әуежай аптасына алты әуе рейсін қабылдамақ

759
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов әуежай жұмысымен танысу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Мамыр айының 23-нен бастап әуе рейстері жұмыстарын бастайтындығы белгілі. Осы ретте аудандағы әуежайдың жолаушыларды тасымалдау әзірлігімен таныстым. Әуежай жұмысын бастауға толықтай дайын. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан алты, Семейден екі рейс қабылдауды жоспарлап отыр, – деді Нұржан Тлеужанұлы.