Үржар ауданының әкімдігі алма бақтарын қалпына келтірем деушілерге қолдау бірдірмек

863
көрілім

Алма бақтарын бұрынғыдай қайта қалпына келтірем деушілерге Үржар ауданының әкімдігі қолдау білдіруді мақсат тұтып отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскеменде баспасөз мәслихатын өткізген Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин бұрын Үржар өңірінде жайқалған алма бақтарын қалпына келтірем деушілерге несие беру бағытында көмек көрсетілетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұрынғы алма бақтарының бәрінің тозығы жеткен. Тоқырау заманынан жайқалып тұрған алма бақтары аман өтпепті.

Бақтарды жаңарту үшін біршама қаржы керек. Былтыр бір азамат осы бағытта жұмыс жүргіземін дегенмен, өкінішке орай істі аяқсыз қалдырды. Қазіргі уақытта Үржар ауданының Қарақол ауылында Алматыдан келген бір азамат апорт алманың 400 түбін отырғызып, жұмысын бастап жатыр. Көктеректе бір үлкен ақсақалымыз өз күшімен бес гектар жерді өзі қоршап, алма және жүзім бағын салуда. Мұндай бағытта кім жұмыс атқарамын десе, несие беру жөнінен мүмкіндік туғызамыз, – дейді Серік Зайнулдин.