Үш дүркін Әлем барысы жерлестеріне жеке бас тазалығын сақтауға кеңес берді

379
көрілім

Апайтөс палуан, жерлесіміз Айбек Нұғымаров шығысқазақстандықтарды коронавируске байланысты барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, аса қажет болмаса көпшілік жиналатын орындарға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақ күресінен төрт дүркін Әлем чемпионы амандасудың да жаңа әдісін ұсынды.
 – Бұл дерттің көпішілікті алаңдатып отырғаны рас. Тәңірге тәубә, қазір облысымызда коронавируске шалдыққандар анықталмады. Сондықтан қазір алаңдауға еш негіз жоқ. Осы ретте жеке бас тазалығын сақтағанымыз жөн. Амандасқанда да қолымызды кеудеге қойып, «ассалаумағалейкүм» деп өте беруге болады деп санаймын,  – деді Айбек Серікболұлы.

Фотосурет allfight.ru сайтынан