Ұсыныс жасады

534
көрілім

Академик Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан облысының атауын «Алтын Алтай» деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өскемен қаласында өткен «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференциясында сөз алған академик Ғарифолла Есім бір емес6 бірнеше рет Алтын адам табылған шырайлы Шығыстың атын өзгерту жайлы ой тастады.

– Тоналып жеткен алтынның өзі үлкен байлық. Алтын адам архетип қана емес, ол алтын идея. Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан деп өзгертті. Мағжан ақын бұл өңірді Алтын Алтай деп жырға қосқан. Елбасы жолымен Шығыс Қазақстан облысын Алтын Алтай деп атаса, керемет болар еді. Батыс Қазақстан жұрты өздерін Ақ Жайық деп атауды баяғыдан ұсынып келеді. Сондықтан бұл өңірге Алтын Алтай деген атау жарасады, – дейді философ.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ