Зайсан аудандық мешіті ауыл шабандоздары арасында көкпар сайысын өткізді

848
көрілім
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің тапсырмасы бойынша Зайсан аудандық мешіті көкпар сайысын ұйымдастырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Сайысқа аты мен шабандозы сақадай сай бірнеше командалар қатысып, көкпаршылар білек күші мен аттың бауырында ойнайтын шеберліктерін сарапқа салды. Аламанды тамашалауға жиналған жұрттың легі аз болған жоқ.

— Осы спорт түрін одан ары дамыту мен жастардың ат спортына деген қызығушылығын оятуға бірнеше шаралар жоспарланып, іске асуда. Ат спорты мен көкпар ежелден келе жатқан атабабамыздың ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек, — дейді Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов.

Сайыстың көркін қыздырып, халықтың көңілінен шығып, жеңіске жеткен командалар аудандық мешіт атынан марапатталды.