Зайсан ауданында қызыл мияның тамырын заңсыз өткізген кәсіпкер жауапқа тартылды

1180
көрілім

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Зайсан ауданында жабайы өсімдікке жататын, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланатын қызылмияның тамырын заңсыз қазып, жинап, өткізумен айналысқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат С. 1200 келі қызылмия тамырын автокөлікпен заңсыз тасымалдап әкеле жатқан жерінен ұсталған. Құқық бұзушының ісі Зайсан аудандық сотында қаралды. Аудандық соттың қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (68 070 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды. Қызылмия тамыры мемлекет пайдасына тәркіленді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.