Зайсан ауданында Татуласу орталығы ашылды

910
көрілім
Шартты фотосурет

Зайсан аудандық соты аудандық әкімдікпен тізе қосып сотқа дейін және соттан тыс реттеуге арналған өзара іс-қимылды нығайтуға көмектесетін әдістерді жан-жақты дамыту мақсатында Татуласу орталығын ашты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ерекше орталықтың ашылу рәсіміне аудандық сот төрағасы Нияз Хасенбаев, аудан әкімінің орынбасары Қамбар Чилибаев, қала әкімі Анарбек Дүтбаев, полиция бөлімнің өкілдері, адвокаттар және жеке сот орындаушылары қатысты. Аудандық сот төрағасы Нияз Зиядабекұлы татуласу рәсімінің артықшылығына тоқталып, осы бағытта сотта қаралатын даулы жайттарды барынша азайтуды күнтізбелік жоспардан шығармауға қолқа салды. Орталыққа жүгінгендер мамандардан кеңес алып, татуластыру рәсімінің ерекшеліктері туралы біле алады. Шараға қатысушылардың пікірінше, осындай мүмкіндіктерді беру жанжалды жағдайларды жедел әрі кешенді түрде шешуге көмектеседі.

Әділхан ЕСІМХАНОВ