Жалақылары өсті

338
көрілім

Шығыс Қазақстан облысындағы ірі кәсіпорындар ең төменгі жалақы мөлшерін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап арттырмақ.

Атап айтқанда, «Азия Авто» АҚ жұмысшыларының табысы орта есеппен 20% өсті. Өскемен арматура зауытында, «СемАз» компаниясында, «Семей инжиниринг» және Өскемен май зауытында да ең төменгі жалақы мөлшері артты.

2019 жылы 24 кәсіпорын еңбекақыны көтермек. «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есеп-қисаптар жүріп жатыр. Жоспар бойынша әртүрлі мамандықтағы қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 3-20% аралығында, жалпы, компаниядағы жалақының орташа мәні 10% өседі.

Сәтпаев тау-кен байыту кәсіпорнында жалақы 5 пайыздан 12 пайызға дейін өседі. «ФИК «АЛЕЛ» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің табысы биылдың өзінде 15,6% өсті. Ал 2019 жылы кәсіпорынның мыңдаған жұмысшысының жалақысы кем дегенде 5% өседі.

Бұдан бөлек, Өскемен конденсатор зауыты, облыстық ұн-құрама жем комбинаты, Бұқтырма цемент компаниясы, Риддер ЖЭО, Семей «Су арнасы», «Силумин-Восток» ЖШС, «DAEWOO Bus Kazakhstan» ЖШС, Киіз бастыру комбинаты, «Технология комфорта» ЖШС, «Силикат» ЖШС, «КОНДИЗ» ЖШС кәсіпорындары да жалақыны көтереді.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ