Жалақысы өседі

558
көрілім

2019 жылы дәрігерлердің жалақысы 20% дейін көтеріледі, деп хабарлайды газет тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің кезекті отырысында сөз алған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, 2019 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы мамандарды ынталандыру мақсатында қызметтеріне тариф сомасын кезең-кезеңімен арттыра отырып, жалпы практика және бейінді дәрігерлерге келісімді еңбекақы төлеу жүйесі енгізілетін болады.

– Бұл алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақы деңгейін 20%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Алғашқы медициналық көмек дәрігеріне шаққанда қаралатын пациенттер санын 1700 адамға дейін төмендетіп, медициналық мамандардың жүктемесін азайтуды қамтамасыз етеді, – деді министр.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ