Жалға берілетін тұрғын үйдің шарттары қандай?

354
көрілім

Жастар жылын іске асыру аясында Елбасының тапсырмасы бойынша "Нұрлы жер" бағдарламасына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетіктері енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Тengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Өтінім беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін өкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады: осы Ережеге қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (түпнұсқасы жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін ұсынылады); білім туралы құжаттың көшірмесі; неке туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда); балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда); өтінім беруші мен отбасының барлық мүшелерінің жылжымайтын мүлкінің жоқтығы (бар екені) туралы анықтама; жұмыс орнынан анықтама; өтінім берушінің 40 айлық есептік көрсеткіштен кем емес көлемдегі ай сайынғы табысын растайтын соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-ші бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; банк есепшотының бар екені және нөмірі туралы анықтама және банк есепшоты бойынша ақша қалдығы мен оның аударылуы туралы көшірме; өтінім берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (болған жағдайда).

Баллдарды есептеу баллдық жүйе бойынша жүргізіледі: нарықтағы аса сұранысқа ие 100 мамандық тізіміне сәйкес кәсіпті игерген өтінім берушіге - 10 балл; отбасылы болған жағдайда - 5 балл, некеде тұрған әр жылы үшін за - 2 балл; бір баласы болғаны үшін - 1 балл, одан кейінгі әр баласы үшін - 2 балл; кемінде 1 жыл жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін - 5 балл, за әр жылы үшін -1 балл; өтініш берушінің түрлі салаларда жеке жетістіктері болған жағдайда - 2 балл; бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар) - 5 балл, жұмыс өтілінің әр жылы үшін - 1 балл; екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттердегі) жинақтардың әр жылы үшін - 2 балл.

Баллдар тең түскен жағдайда, өтінімді уақыты бойынша ертерек берген үміткерге басымдық беріледі.