Жарма ауданы әкімдігінде аппарат басшысы тағайындалды

840
көрілім

Аудан әкімінің өкіміммен бұл қызметке Данияр Ақзамов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Данияр Тоқанұлы 1983 жылдың 3 мамырында Жарма ауданы Қалбатау ауылында туған. Еңбек жолын 2002 жылы Жарма ауданындағы Терiстаңбалы негiзгi мектебiнiн ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастады.

 - Әр жылдары «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру - кадр жұмысы, персоналды басқару бөлімдерінің бас маманы, ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып қызмет етті. Ол тәжірибесі мен кәсіби көзқарасы бар білікті маман ретінде өзіне жүктелген жауапты міндетті жоғары жауапкершілікпен атқарады деп білемін, - делінген мәліметте.