Жарма ауданында «Айналайын» лагері жұмысын бастады

456
көрілім

Жадырап жаз шығып, оқу жылы аяқталысымен К. Шәкенов атындағы орта мектебінде мектепішілік «Айналайын» лагерi бастауыш сынып оқушыларымен жұмысын бастап кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Лагерь жұмысы 1 маусым - Балалар қорғау күнінен басталды. Мерекеге бастауыш сынып оқушылары түгел қатысып, мерекелік көңіл күймен бастау алды. Жазғы лагерьге баруға балалар асығады. Өйткені, жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерiнен бастау алары сөзсіз.

Биылғы жылы бiрiншi кезенде барлығы 56 бала қамтылды. Оқушылар кунделiктi тамақтанады. 25 бала кепбалалы, әлеуметтiк жағынан аз қамтылған отбасындағы балалар тегiн тамақтануда. «Айналайын» мектепішілік лагерінде оқушылар «Құлыншақ», «Достық», атты топтар мен «Шебер қолдар» , «Жас математик» үйiрмелерiне бөлініп, жұмыс атқаруда. Лагерь жұмысы арнайы бекiтiлген жұмыс жоспары бойынша демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып тақырып бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып, өте қызықты өтуде. Сурет салып, такпак жаттап, ән салып, қызықты кітаптар оқуда. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, топтық жұмыстар, үйiрме жұмыстары өткiзiлуде.

Тәрбиешілер әр күнге белгiленген түрлі мерекелік iс - шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жiгерлерiн салуда. «Көңiлдi старт», «Лагерь аруы», «Қазынаны тап» интеллектуалды сайыстарына оқушылар қызығушылықпен өтуде. «Оқуға құштар мектеп аясында» балалармен әңгіме, ертегi, мақал мәтелдер жарыстары көңiлдi өтуде. Балаларға арналған кинофильмдер тамашалай алады. Сол арқылы «Бұл қай ертегi?», «Кейiпкерлердi тап» ойындары өткiзiлдi. Мектепішілік лагерьге келу арқылы көптеген түрлi iс - шараларға қатысып, көңiл көтерiп мәз-мейрам болысады.

- Осылайша, лагердiң әр күнi мәндi де, сәнді етуде. Бұл тұста балалардың демалыс күндерiн қызықты өткiзуге үлес қосып жүрген тәрбиешілер: Б. Нұрбаева, М. Құмарова, Г. Абиленова мен лагерь басшысы А. Калиева, мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегі орынбасары Г. Тагаеваның еңбектерiн ерекше атап өтуге болады, - делінген мәліметте.

Олар лагерьдiң қызықты, көңiлдi өтуiне аянбай, шаршамай өз үлестерiн қосып жүргенi байкалып тур. Балалардың жүрегiне iзгiлiк пен қуаныш сыйлап демалушылар бос уақыттарын мағыналы өткiзiп, үйлерiне сергіп қайтқаны сөзсiз.