Жарма ауданында әлеуметтік сала қызметкерлері мараптталды

454
көрілім

Бұл туралы аудан әкімдігі өткізген шара барысында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кәсібіне адалдықпен, жабыққан тағдырларға жауапкершілікпен қараған бірқатар қызметкердің еңбегі еленді. Ізгі қасиеттерді талап ететін салмағы ауыр жүрегіне мейірім шуағын ұялатқан әлеуметтік сала қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраев төл мерекесімен шын жүректен құттықтады.

- Үздік деп танылған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, сондай-ақ оған қарасты мекеме мамандарына аудан әкімінің атынан алғыс хат пен құрмет грамоталары табысталды. Оған қоса, ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының құрмет грамотасына ие болды, - делінген мәліметте.