Жарма ауданында ерлер волейболдан шеберлік байқасуда

218
көрілім

Спорт күніне орай аудан орталығы Қалбатау ауылында волейболдан жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Спорт күнін атап өту мақсатында аудандағы үздік командалар Спорт модуліне жиналған.

- Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Осы орайда, Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Спорт модулінде Спорт күніне орай ерлер арасында волейболдан жарысы ұйымдастырылды. Ойын тартысты өтуде, - делінген аудан әкімдігі ұсынған мәліметте.