Жарма ауданында Маяковский атындағы орта мектеп жөнделуде

2200
көрілім

Аудандық бюджет қаражаты есебінен Қалбатау ауылындағы Маяковский атындағы орта мектеп ғимаратын жөндеу жұмыстары өткен жылдан бастап қолға алынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы ауданның әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған. Өткен жылы ғимараттың А корпусы күрделі жөндеуден өткен болса, биыл нысанның Б корпусы жөнделуде.

– Бүгінгі таңда мердігер «ARGO 2009» ЖШС өкілдері дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Алдағы таяу күндері жөндеу жұмыстарын бастайды. Негізгі күрделі құрылыс жұмыстарын өткен жылы толықтай жүргізген мердігер, тамыз айының басына дейін жобаланған жұмысты мерзімінен бұрын аяқтап, нысанды қолданысқа беруді көздеп отыр, – дейді аудан әкімдігіндегілер.