Жарма ауданында мешіт ашылды

805
көрілім

Күні кеше Жарма ауданының Белтерек ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жаңа мешіттің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Аудан басшылығы ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта Жарма көлемінде 10 мешіт бар және биыл тағы 5 діни ғимарат бой көтеруде. Солардың бірі қазан айының 22-сі күні қолданысқа берілді.

- Қасиетті жұма күні Белтерек жұртшылығы үшін қуанышты оқиғаға ұласты. Құрылыстың басы-қасында жүрген барша азаматтарға алғыс білдіргім келеді, - деді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.

Бұдан бөлек, шараға Семей өңірінің бас имамы Асқар Мұқанов, аудандық діни қызметкерлері мен ауыл азаматтары қатысты.

Айтулы оқиғаның құрметіне көкпар ойыны ұйымдастырылды.

Мешіт ғимараты ауыл-аймақтағы имандылық қасиеттердің, қоғамдық келісім мен ынтымақтың арта түсіне ықпал ететін болады.