Жарма ауданының Шар қаласында 26 адам баспана кезегіне тұр

1785
көрілім
Шартты фотосурет

Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожиннің сөзінше, баспанаға мұқтаж отбасыларға қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шар қаласына жұмыс сапарымен барған жауапты тұлға қаланың жалпы ахуалымен танысты. Ең алдымен коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында таяуда қалаға шектеу шаралары қабылданып, бақылау бекеттерінің жұмысына көз жүгіртті. Айтуынша, жергілікті тұрғындар қабылданған шараның маңыздылығын жете түсініп, шектеу ережесін қатаң сақтауда.

– Қаланың әлеуметтік жағдайымен таныса жүріп, оны дамыту барысын пысықтадым. Алдағы уақытта тұрғын үй мәселесіне ерекше мән беретін боламыз. Яғни, баспана кезегінде тұрған тұрғындардың тұрмысын көтеру мақсатында, оның ішінде көп балалы жанұяларды қолдау шаралары жүзеге асатын болады. Жалпы Шар қаласында бүгінгі күнге осындай 26 адам кезекке тұрған екен. Көпшіліктің көкейіндегі бұл мәселені шешу жолында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек те жоспарларымыз бар, – деді Ахметқали Ахашұлы.

Бұдан бөлек, аудан әкімі шағын қалада қалыптасқан тұрғын үй кезегіне мұқтаж азаматтардың басты мәселесі кезеңмен шешілетіндігін жеткізді