Жас палуан Үржар ауданы әкімінің қабылдауында болды

437
көрілім

Бүгін аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов Түркістан қаласында өткен грек-рим күресінен 2005-2007 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының жеңімпазын қабылдады, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нұржан Тоқсеитов әлеуметтік желідегі парақшасында жарқын белдесу көрсетіп жүрген жасөспірімге ағалық ақылын айтып, бапкерлер сенімін ақтаған спортшыға жылы лебізін білдірді.

– Ауданымыздың абыройын асырып қана қоймай "Үздік спортшы" атанған Едіге бозкілемге 35 келі салмақта күресіп, туған топырағына абыроймен оралды. Болашағынан мол үміт күттіретін Едігенің деніне саулық және спорттық жетістіктер тілеймін. Осындай жастарды тәрбиелеп, келешек ұрпаққа үлгі беріп жүрген жаттықтырушысы әрі жастар орталығының директоры Фархат Сүлейменовке алғысымды білдіремін. Алар асулары көп болсын! – деген Нұржан Тлеужанұлы аудандағы бұқаралық спортты дамытуға қолдау көрсететінін де жасырмады.