Жәрдемақы өсті

410
көрілім

Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 15,4-тен 16,1 мың теңгеге өскенін айтты, деп хабарлайды газет тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жәрдемақы мөлшері елдегі инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі екен.

- Биыл инфляцияның орташа дәлізі бес пайыз және соған байланысты жәрдемақы көтерілді. "Күміс алқа", "Алтын алқа" медальдары бар көпбалалы аналарға өмір бойы ай сайын жәрдемақы беріледі, - деді Әбілқасымова.

"Күміс алқа" белгісі алты не одан да көп баланы тәрбиелеп отырған әйелге беріледі, ал "Алтын алқа" жеті не одан да көп баланы асырап отырған әйелдерге беріледі.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ