Журналистер марапатталды – Жарма ауданы

355
көрілім

28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраев аудандық «Қалба тынысы» газетінің журналистерін кәсіби меркесімен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.          
– Өңірдегі жаңалықтарды тұрғындарға дер кезінде жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлесін қосып, жарқын жаңалықтың хабаршысы ретінде өткір мәселелердің қайнаған ортасынан табылып, өз ісінің білікті маманы ретінде танылып жүрген газеттің жауапты тілшілері Кәусар Арықханқызы мен Гаухар Смагуловаға облыс әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчиновтің Алғыс хаты табысталды.
Қаламын серік еткен журналистер елдің жоғын жоқтап, мұңын жоғарыдағы мінберге жеткізуге әрқашан дайын. Билік пен халықарасындағы алтын көпір журналистерге шығармашылық табыс тілейміз! – делінген аудан басшылығы ұсынған мәліметте.